Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорларының қызметін сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақтандыру қорларының қызметін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақтандыру қорларының қызметі төмен деңгейде екені байқалып отыр. Олардың нарыққа қатысты ықпалы елеулі емес. Кейде жағдай олар өз ісін адал атқармайтындардың жемсауына айналып отырады. Сондықтан бұл мәселеге қатысты тиісті шешім жасау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстарын сынады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент каптиталды қайтаруға бағытталған шараларды жедел қабылдау керек екенін тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде қаражаттың игерілуіне қатысты пікір айтты.


Фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар