Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады

2023 жылғы 16 наурыз, 18:04
Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады Фото: akorda.kz

АНКАРА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде барлық қатысушыны Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордағы сілтеме жасап.

«Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін! Сонымен қатар, Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар», - деді жиында ҚР Президенті.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar