Мемлекет басшысы тікелей өзінің және бүкіл Қазақстанның басты міндетін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірлесе кедейшілікті жоюдың кешенді жол картасын әзірлеуге дайын. Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«2004-2005 жылдары біздің еліміз кедейлік деңгейін төмендету жоспарына сәйкес, БҰҰ Мыңжылдық жоспарының мақсаттарын мерзімінен бұрын орындады. 2007 жылы ел Үкіметі дамудың жоғары мақсаттарын айқындады. Біз 2015 жылға дейін ауылдық жұртшылық арасындағы кедейлікті екі есеге дейін төмендету туралы міндеттеме алдық. Әлем дамуының ең басты міндеттерінің бірі - бұл инклюзивті әлеуметтік әділ даму», - деді Елбасы Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ және Дүниежүзілік банкпен, басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, кедейшілікті жоюдың кешенді жол картасын әзірлеу алаңын құруға дайын екенін атап өтті. «Кедейшілікті жоюмен сатылы түрде күресу тікелей менің және тұтастай Қазақстанның басты міндеті болды және бұл солай болып та қала бермек», - деді ҚР Президенті.
- Президент Жамбыл облысының әкімін қабылдады
- Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
- Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды
- Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді
-
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
-
Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам