+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

2021 жылғы 15 қыркүйек 20:13
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік жұмыс сапарының видеосы жарияланды Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді.

Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.

«Қонақжай Тәжік елінің, Душанбе қаласының алдағы самиттерге дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Біздің тарап министрлер деңгейінде қажетті құжаттарды пысықтады. Қол қойылатын құжаттарды отырыс барысында жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын», — деді Қазақстан Президенті.

Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT