Мемлекет басшысы: соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды сәт - сот тәжірибесінің біркелкілігі мен жүйелілігі. Бұл - азаматтар мен бизнестің сенім мәселесі. Қоғам ашықтығы арта түскен жағдайда соттар коммуникацияның түрлі арналары арқылы қоғамдық институттармен ашық диалогты жолға қоюы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, соттарда қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша тиімді стратегия болуы қажет.

«Бүгінде Қазақстанның сот жүйесінің алдында осындай міндет тұр. Егер біз бұл мәселелердің барлығын әділ әрі сауатты шешетін болсақ, онда реформалардың мақсатына қол жеткізе алатындығымызға сенімдімін. Бұл біздің ортақ мақсатымыз. Бұл бағытта бірлесе отырып жұмыс істейміз деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар