Мемлекет басшысы Словакия Премьер-Министрімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының Премьер-Министрі Петер Пеллегринимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Словакия Премьер-Министрінің бұл сапары мемлекетаралық байланыстырды одан әрі нығайтуға және экономиканың түрлі салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге серпін беретінін атап өтті. 

- Елдеріміз арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Сапарыңыздың барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаевпен кездесу өткіздіңіз. Сізбен бірге Қазақстанға бизнес өкілдері де келіпті. Осы сапарыңыз өзара байланыстарымызды дамытуға жаңаша жол ашады деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Пеллегрини еліміздің әлемде мемлекетаралық диалог орнату ісіндегі маңызды рөлі жөнінде айтты.

- Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор. Көптеген халықаралық мәселелерді шешу жолындағы Қазақстанның тұрақтандырушы рөлін жоғары бағалаймыз, - деді Словакия Республикасының Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, П.Пеллегрини екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды өркендетудің маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіп және индустрия секторларында, көлік-логистика саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар