Мемлекет басшысы Шымкенттегі көрмеде жаңа әкімшілік орталықтың жобасымен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте жұмыс сапарымен жүр.

Елбасы "Түркістан" конгресс-холлында болды. Нұрсұлтан Назарбаев құрылысына 1 млрд. 564 млн. теңге жұмсалған нысанды қарап шықты. ОҚО әкімдігінің хабарлауынша, мұнда ең заманауи дыбыстық, жарықтық, акустикалық жабдықтар орнатылған.

Конгресс-холлда ҚР Президентіне қаланың жаңа әкімшілік орталығын салу жобалары көрмесі ұсынылды. Мемлекет басшысына облыстық әкімдіктің барлық басқармалары мен департаменттері, жаңа мұражай, салт-дәстүрлер орталығы көшетін 16 қабатты ғимараттың макеті көрсетілді. Бұдан басқа, тұрғын үйлердің макеттері де ұсынылды.

«Жаңа әкімшілік орталықтың құрылысына 82,1 млрд. теңге жұмсалады, оның ішінде бюджет қаражаты - 18,6 млрд. теңге болмақ. Бұл ретте жеке инвестициялар - 64 млрд. теңге», - деп баяндады Елбасына облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

"Түркістан" конгресс-холлында ОҚО-ның зиялы қауымымен кездесу болып өтті. «Президенттің бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясын құрғаны жақсы болды. Бұл жылдары біз жүздеген ұлттардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруінің бірегей моделін құрдық», - деді ОҚО кәрістер қауымдастығының мүшесі Роза Пак.

Бүгін Президенттің жаңа қазақ драма театрында болуы жоспарлануда. Құрылысы жақында аяқталған онда қазақ мемлекеттігі құрылуының 550 жылдығына арналған «Ұлы көш» премьералық спектакліне әзірлік қызу жүргізілуде.

Бұдан кейін Тәуелсіздік алаңында және «Риксос» қонақүйінің ашылуында болу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар