Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші мегаполиске сапары кезінде өңірдегі индустриялық даму бағдарламасының, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен жеңіл өнеркәсіп нысандары қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы айтылды. Мемлекет басшысы сапары кезінде кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті «Азала текстиль» фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Азала текстиль» жобасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде мұнда 650-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорын нарыққа көрпе мен жастық тысы, сүлгі мен жаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдарын шығаруда. Айына 500 тонна мақтаны өңдейтін фабрикада 1,5 миллион метр мата тоқылады.Өз өнімдерін алыс жақын шетелдерге де экспорттайды. Осылайша тоқыма фабрикасы қаладағы ең үлкен кәсіпорындарының біріне айналған.

null null null

Соңғы жаңалықтар