Мемлекет басшысы Шымкент қаласының күнін белгілеу идеясын қолдады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңесте қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Президенттен қала күнін белгілеуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихшылар Шымкент қаласының іргесі қаланғалы 2200 жыл болды деп дәлелдеп жатыр. Қазір ЮНЕСКО-ға да арнайы құжаттарды дайындаудамыз. Бірақ қаншама ғасыр өтсе де, қаламыздың ресми күні әлі белгіленбеген. Қаламыздың ерекше мәртебесін өзіңіз арнайы жарлықпен 19 маусым күні бекіттіңіз. Осыған байланысты, қала жұртшылығы қала күнін соған белгілеуді ұсынып отыр», - деді Ғ.Әбдірахымов.

Президент ондай бастамаға қарсы болмады. Алайда, қала күнін нақты тарихи деректерге негіздеп, содан бастауды ұсынды.

«Негізі, Шымкент Ұлы Жібек жолында тұрған көне қала ғой. Шымкент, Тараз бар. Негізі, менің қарсылығым жоқ. Егер 2200 жыл деп айтсақ, солай атайық, содан бастайық. Бірақ оны дәлелдеу керек», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында ҚР Президенті Шымкент қаласын дамытудың нақты бағыттарын айқындап берді. 

Соңғы жаңалықтар