Мемлекет басшысы шетелдіктерге жер сату мәселесіне нүкте қойды - Серікзат Дүйсенғазы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейінде жүрген шетелдіктерге жер сату мәселесіне нүкте қойып берді. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауын толық тыңдадым. Мемлекет басшысы ел көкейінде жүрген көптеген маңызды мәселелерге тоқталды. Әсіресе, қазіргі жағдайға байланысты Үкіметтің жұмысын жүйелі ұйымдастыру, саяси-экономикалық ахуалды жақсарту, қаржы жүйесін, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті, құқық қорғау саласын дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, қазіргі халықтың көкейінде жүрген шетелдіктерге жер сату мәселесіне нүкте қойып берді», - деді ол.

Серікзат Дүйсенғазы ғылым-білім саласын дамыту бойынша да Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма бергендігіне назар аудартады.

«Мәселен, 500 ғалымның шетелдік тағылымдамадан өтуі, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін көтеру үшін 1 000 грант бөлу, тағы сол сияқты маңызды бастамалары еліміздегі ғылым саласының дамуына ықпал етеді деп сенемін. Педагогтардың жалақысын 25 пайызға көтеру, мектепке дейінгі балалардың балабақша мәселесін 100 пайызға шешу сияқты тапсырмалары да көңілден шықты. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін субсидия беру, салық жүйесін реттеу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың баспаналы болуы үшін зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалануды жүзеге асыру сынды Жолдауда айтылған халыққа қажетті тапсырмаларын толықтай қолдаймын. Президенттің айтқан барлық тапсырмаларын Үкіметіміз мүлтіксіз орындайды деп сенемін», - деді кафедра меңгерушісі.


Соңғы жаңалықтар