USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

2021 жылғы 25 қазан 17:01
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан  Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен кездесті Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшілігі ашылды Қазақстан Ахмет Яссауи стипендиясы бойынша өзбек студенттерін Түркістандағы университетке қабылдауға дайын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің бауырлас екі халық арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады.

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT