Мемлекет басшысы: Сауықтыру мен банкроттық рәсімдер мерзімін қысқарту керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпорындар мен компанияларды сауықтыру мен банкроттығы талаптарын түбегейлі жеңілдету және рәсімдер мерзімін қысқарту керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

«Бізге сауықтыру мен банкроттық талаптарын түбегейлі жеңілдету және осы рәсімдер мерзімін қысқарту керек. Үкімет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, банкроттық туралы заңның жаңа редакциясын қабылдау туралы мәселені зерттеуі тиіс», - деді Президент мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде.

Мемлекет басшысының пайымынша, Үкімет пен «Атамекен» ҰКП отандық экспорттаушылар мүдделерін белсенді түрде ілгерілетуі қажет.

«ЕАЭО ортақ нарығын демпингтен, контрафактілік тауарлардан, үшінші елдер тарапынан жосықсыз бәсекеден қорғау бөлігінде жұмысты үйлестіру керек», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар