Мемлекет басшысы Сауда саясаты жөнінде бағдарлама әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейінгі сауда саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шекаралық саудада экспорт бойынша үлкен әлеует бар. Бұл ретте Орталық Азияда орасан зор мүмкіндіктер баршылық. 2018 жылы Елбасы Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» атты сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құруды тапсырған еді. Содан бері келіссөздер жүріп жатқанымен, Қазақстанның мүддесін ескерерлік нақты шешім қабылданған жоқ. Ал қазіргі «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық оралық жоғары тиімділігімен мақтана алмайды. Өзіңіз білетіндей, Қытай жаққа қарағанда біздің жақта ешқандай ғимарат жоқ. Қытай өз жағында қала салып тастады», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы шекаралық ынтымақтастық ақыры шынтуайтында шетелден келетін импорттық орынға айналғанын сынға алды.

«Сол себепті, шараларды үйлестіріп, салықтық саясатты қарап, отандық тауар өндірушілердің мүддесін есепке алу керек. Жоғарыда аталған жайларды есепке ала отырып, 2025 жылға дейінгі сауда саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.



Соңғы жаңалықтар