Мемлекет басшысы Ресей Президентімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.



Соңғы жаңалықтар