Мемлекет басшысы Президенттік кадрлық резерв құрылатынын мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадрлық резерв құру арқылы жас әрі дарынды жастарға қолдау көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ең басты міндетім - сіздер ең басты армандарыңызды орындай алатындай жағдай жасау, өзіңіздің жетістік жолыңыз туралы жаза білуге мүмкіндік жасау. Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жаңа дарынды басқарушыларды қолдау үшін Президенттік кадрлық резерв құрылады. Біздің жастар - өте дарынды әрі креативті, мақсатқа ұмтылып тұрады. Сол себепті, Қазақстанның болашағы сенімді қолда деп айта аламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде.

Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Соңғы жаңалықтар