Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің жұмысына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысына қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін көтерілген мәселелердің барлығы аса маңызды. Үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі мақсаты – халықтың табысын көтеріп, әр-ауқатын жақсарту, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларын одан әрі жалғастыру. Жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар ең алдымен халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан осындай аса жауапты міндетті жоғары деңгейде атқаруымыз керек. Бұл ең алдымен егемен еліміздің бүгіні үшін аянбаған ата-бабалардың ісін жалғастыру деп түсінуіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің жұмысына баға берді.

«Асқар Ұзақбайұлы Мамин басқарып отырған Үкімет алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті деп ойлаймын. Кәсіби деңгейі жоғары, мүмкіндіктері мол. Біз бұл күрделі кезеңнен де абыроймен өтеміз, оған мен кәміл сенемін», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар