Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.


Соңғы жаңалықтар