Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызын айтты

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі «Орталық Азия – Қытай» саммитін Қазақстанда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президет бүгінгі жиын барысында айтқан ұсыныстары мемлекеттердің қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайту бағытындағы Қазақстанның ұмтылысын растайтынын айтты. Осы орайда өзара тиімді серіктестіктің стратегиялық бағытын тұрақты түрде жалғастыру маңызды.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев саммит кезінде жарияланған ұсыныстар Сиань декларациясында қамтылатынына сенім білдірді.

«Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» хатшылығын құру идеясын қолдап отыр. Қытай аумағында Хатшылық жұмысының басталуына қарсы емеспіз, бұл қисынды болар еді. Сонымен қатар, «Орталық Азия-Қытай» екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенімізді айтқымыз келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Қытай» саммитіне барды.

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылар Сиань декларациясына қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар