Мемлекет басшысы «он-лайн» режімінде Кербұлақ ауылында орналасқан көкөніс қоймасын іске қосты

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «он-лайн» режімінде Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан көкөніс қоймасын іске қосты.

Агроөнеркәсіптік сектордың серпінді жобаларының қатарынан саналатын аталмыш қойманың сыйымдылығы 13 мың тонна көкөністі сақтауға есептеліп салынған. Нысан «Елдің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы көкөніс-жеміс дақылдарын өсіруді дамыту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Іске қосылған жаңа қойманың арқасында 119 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар