Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы белгілі ақын, қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті қабылдады.

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, сөз зергері алдағы шығармашылық жоспарын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар