Мемлекет басшысы облыс әкімдерін қатты сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы индустрияландыру қорытындысы туралы кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерін қатты сынға алды.

«Былтырдан бері Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Оны ұмыта бастағанға ұқсаймыз. Ал бұл дегеніміз  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 160 елдің үлкен нарығына есік ашылды деген сөз. Әсіресе, көршілес елдердің нарығы. Осы нарықтардың барлығы  біз үшін енді ашық. Тауар тасу үшін ең жақсы жағдай жасадық. Енді біз осы нарықтарды қалай «жаулап аламыз» деген мәселеге назар аударымыз керек»,-деген Мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық тауарды шетел нарығына шығару жолдарын іздеу үшін кешенді шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Сондықтан, Үкімет қазақстандық тауарлардың шетелдік нарыққа шығуын қамтуға қажетті шаралар кешенін  әзірлеуі керек. Бұл - Үкіметтің ғана емес,  облыс, қала, аудан әкімдерінің де міндеті. Әрбір әкім өз өңірінің тауарын сата білу керек. Ал сіздер (әкімдер) өзіңізге көрші жатқан облыстармен жұмыс істеуді әлі үйрене алмай жүрсіздер...» -деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар