Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аманат» ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. Аманат сөзінің – мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады», - дед Президент билік партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайту маңызды екенін айтты.

«Бұл – біздің аға буын мен өскелең ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде Аманат деп атауды толық қолдаймын», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар