Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар