Мемлекет басшысы «Назарбаев Университетінің» ғылыми-зерттеу кешеніне барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.

null 

Соңғы жаңалықтар