Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұғалім - білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі - осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым министрлігі мен Жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді шынайы тұрғыда қолдау керек екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар