+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 12 маусым 15:38
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Бағдат Мусинге бірқатар нақты тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады Мұрат Баймұқашев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

– Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халкының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте, еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігімізді дамытуда Сізбен бірге күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт тілеп, достас моңғол халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT