+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Марат Ахметжановқа бірқатар тапсырма берді

2021 жылғы 13 қыркүйек 19:10
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Марат Ахметжановқа бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Пара алған: ШҚО-да аудан әкімінің бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген БҚО-да кәсіпорын 170 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Президентке Мемлекет басшысы Жолдауының және тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Марат Ахметжанов агроөнеркәсіп секторындағы субсидиялауға қатысты кешенді талдаудың алдын ала қорытындылары және нақты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдын алу шараларын белсенді жүргізе отырып, жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жөнінде айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар нақты тапсырма берді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT