Мемлекет басшысы маңғыстаулық студенттермен кездесті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында студенттермен кездесті.

Ш. Есенов атындағы университетке ат басын бұрып, теңіз академиясының материалдық базасымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.null

Президент өңірдегі жалғыз жоғары оқу орнының ғимаратына соғып, ғылыми жетістіктерімен танысты.

«Университеттің миссиясы мен мақсатын таныстырдық. Есенов университетінің брэнді аясында толық ақпарат берілді. «Есенов тіл орталығы» бағдарламасы аясында біз өзіндік сертификациялауды бастадық. Біздің оқытушымыз АҚШ-қа барып, шетелдік профессорларды алып келді. Олар мұғалімдерге сабақ беріп, тәуелсіз сертификациядан өткізеді», - деді Ш. Есенов атындағы КМТИУ ректоры Берік Ахметов.

Айта кетейік, Теңіз академиясы - Қазақстандағы материалдық базасы толыққанды қамтылған жалғыз білім ордасы. Халықаралық теңіз стандартына сай жасақталған. Жыл сайын 35 студент білім алып шығады. Қазір түлектерге әлемнің түрлі халықаралық порттары мен мекемелерінен сұраныс бар.

«131 студент білім алуда. 116-сы грантпен оқып жатыр. Білім беру 4 бағытта жүзеге асырылады: «Кеме жүргізу», «Кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану», «Кемедегі электр жабдықтарын және автоматтандырылган жабдықтарын пайдалану» және «Порттардың және көлік терминалдарының тиеп-түсіру жабдықтарын пайдалану»,-дейді Теңіз академиясының директоры Болат Сәрсенбаев.

Студенттер кездесуде ұсыныс-тілектерін жеткізіп, президентпен емін-еркін пікір алмасты. Қазір университетте АҚШ-тан келген оқытушылар ағылшын тілі курстарын өткізуде. Бұл - жаһандық деңгейге бет бұрған білім ордасының үлкен жетістігі. Мемлекет басшысы да осыны аңғарып, оқытушылармен де тілдесті.

Соңғы жаңалықтар