+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымоваға бірқатар тапсырма берді

2020 жылғы 3 қыркүйек 18:24
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымоваға бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Агенттік Үкіметпен бірлесіп экономиканың зардап шеккен секторларына қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің алған қарыздарына жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия беріледі.

Агенттік басшысы Президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалардың дайындалып жатқанын айтты. Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң жобасы бойынша халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түседі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің құнды қағаздар нарығында қор жинауына мүмкіндік беретін шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің жұмысын оң бағалап, қаржы нарығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT