Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-Министрімен кездесті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ксавье Беттель ғарыш өнеркәсібі, қаржы қызметтері, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар