Мемлекет басшысы қытайлық миллиардер Джек Маға алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытай миллиардері Джек Маға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемге танымал бизнесмен, халқымыздың ниеттес досы Джек Ма мырзаға біздің елімізге жіберген гуманитарлық көмегі үшін шынайы алғысымды айтамын. Ол қазіргі күрделі кезеңде бір-бірімізді қолдаудың маңызы зор екенін көрсетті. Бәріміз бұл қиындықты бірге еңсереміз» делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілген болатын.




Соңғы жаңалықтар