Мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапармен барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Мемлекеттік сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР жоғарғы билігімен келіссөздер жүргізбек. Сапар нәтижесінде бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік сапар аяқталарда Қазақстан Президенті Циндао қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Саммитінің жұмысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар