Мемлекет басшысы Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысымен кездесті

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысы Чэ Цзюньмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Чжецзян провинциясының басшысына ризашылық білдіріп, Қытай Халық Республикасының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтіп, осы мемлекеттік сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара әріптестікке тың серпін беретінін айтты.
«Мәңгілік стратегиялық серіктестігіміз, шын мәнінде, өзара ынтымақтастықтың көптеген салаларын қамтиды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшылары негізін қалаған істі жалғастырамыз. Біз экономика, саясат және өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық орнатамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қытайдың цифрлық экономиканы дамыту саласында орасан зор жетістікке жеткеніне тоқталып, осы саладағы мәселелерді талқылау үшін Чжецзян провинциясына арнайы ат басын бұрғанын айтты.
«Ханчжоу – Қытай мәдениетінің бесігі. Бұл қала әлемдегі жоғары технологиялар орталығы болып табылады. Мұнда осы сала бойынша ірі компаниялар жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл қалада кезінде Қытай Төрағасы Си Цзиньпинь жұмыс істеп, өзінің ең табысты идеяларын жүзеге асырған. Қала көрікті және табысты әрі қарқынды дамуда», – деді Мемлекет басшысы.
Чэ Цзюнь Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі салалары бойынша Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық және мәдени ықпалдастық орнатуға дайын екенін айтты.
- Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті
- Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды
- Жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына бейнешолу жарияланды
-
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды
-
Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам