+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Қостанайдағы сүт фермасының жұмысымен танысты

2019 жылғы 21 мамыр 20:36
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Қостанайдағы сүт фермасының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары барысында өсімдік және мал шаруашылықтарымен айналысатын «Олжа Садчиковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік көрсеткіштерімен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кәсіпорын Қостанай облысының ішкі қажеттігін және еліміздің өзге өңірлерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Президентіне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу барысында аналитикалық және цифрлық жүйенің қолданылу мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған өңірдің аграрлық саласының дамуын жоғары бағалады.

- Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT