Мемлекет басшысы Қосшыға қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылуын және облыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін көпшілік кеңінен қолдап жатыр. Бірақ, осы шешімнің мәні мен маңызын тек облыс көлемінде ғана емес, жалпы еліміз бойынша халыққа қосымша түсіндіру керек. Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Онда қағаз бойынша 40 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Шын мәнінде, ол жерде 80 мың адам тұрады. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін», – деді Президент Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында.



Соңғы жаңалықтар