+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы: Көпұлттылық – біздің бағымыз

2021 жылғы 21 қазан 13:26
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы: Көпұлттылық – біздің бағымыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саналуан этностан құралғанын маңдайға жазылған бақыт деп бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президентімен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді Қазақстан Президенті Бельгияның Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді

«Қазақстанда саналуан этнос өкілдері тұрады. Бұл – бүкіл әлемге белгілі ақиқат. Шын мәнінде бұл біздің тағдырымызға жазылған бағымыз. Елімізде түрлі мәдениеттер бірге дамып келе жатыр. Соның арқасында әлеуетіміз артып, береке-бірлігіміз нығая түсуде. Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек. Бұл жүк – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Жалпы ұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басыт кепілі. Егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақ үшін сақтай білуіміз керек. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарасыздар деп сенемін», - деді Президент ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, осы шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында Достық үйін салуды тапсырды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президенттің ескертпесі бойынша Түркістан өңірінде жаңа Достық үйі салынатынын айтты.

«Біздің ассамблеяның Достық үйі болған. Бірақ ол Шымкент қаласында орналасқан еді. Оны Шымкент қаласының сұрауымен қала әкімдігінің балансына бердік. Қазір ассамблея басқармалар үйінде орналасқан. Сіздің айтқан ескертпелеріңізді ескере отырып, жаңа үлгідегі Достық үйін саламыз деп ойлаймын»,- деді аймақтың басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT