Мемлекет басшысы қоғамды толғандырған өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдерін көрсетті -сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің маңыздылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы күннен күнге жанданып келе жатыр деп айтуға болады. Бірінші отырыс пен екіншісінің арасында қоғамдық кеңестің көптеген мүшелері Президенттің қабылдауында болды. Екіншіден, Мемлекет басшысы көптеген қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың басшыларымен, сарапшылармен кездесті. Себебі бірінші отырыста айтылған көптеген мәселелерді Қасым-Жомарт Кемелұлы тиісті мамандармен және сарапшылармен, саясаттанушылармен, Ұлттық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып қарастырып, нақты бір шешімге келу үшін жағдайлар жасады деп айтуға болады», - деді Ә. Бектаев.

Осы орайда сенатор 20 желтоқсанда өткен Ұлттық кеңестің екінші отырысында Президент нақты әрі саяси маңызы бар тарихи ұсыныстарды жария еткенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы қоғамдағы саяси реформаны жандандыру, демократиялық принциптерді тереңдете түсу, сондай-ақ қоғамның арасындағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұрғысында жұртшылықты толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Қазіргі уақытта Ұлттық кеңестің өзінің жұмысы, өзінің орны біздің халқымыздың ой-пікірінде де, қоғамымызда да нақты орын ала бастады. Бүгінгі таңда Президентке де, Мемлекет басшысы құру туралы бастама көтерген осы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне де ел халқының арасында үлкен сенім бар екенін айтқым келеді. Себебі бұл кеңесте шынында да қоғамда айтылып жүрген, қазіргі уақытта шешімін табуды күтіп тұрған көптеген мәселелердің көтеріліп жатқандығын біз көріп отырмыз», - деді Әли Бектаев.

Соңғы жаңалықтар