+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты

2020 жылғы 3 тамыз 11:30
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қоғам қайраткері, эколог, экономика ғылымдарының докторы Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның жұбайы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбековке және отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президентінің тексерулерге мораторий енгізу туралы Жарлығына өзгерістер енгізілді Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының қатысушыларына құттықтау хат жолдады

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Салтанат Темірқұлқызы әр жылдары қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдіру, сондай-ақ, «Жасыл» экономиканы дамыту бағытында көп іс атқарды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының тең төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып, еліміздегі саяси-қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT