Мемлекет басшысы: Кей өңірлерде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина сақтау мен тасымалдаудың тәртібін қатаң бақылауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілерін нақты қарастырған жөн. Өкінішке орай, соңғы деректер барлық өңірлер бұл жұмысты дұрыс құрмағанын көрсетеді», - деген Мемлекет басшысы вакцина дұрыс сақталмаса, тиімдігі төмендейтінін ескертті.

«Жекелеген өңірлерде вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл оның әрекетінің тиімділігінің төмендеуіне себеп болды», - деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар