Мемлекет басшысы: Қазір көпшілік вакциналаудың маңыздылығын толық түсінбей жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ақордадағы кездесуінен видео таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жуырда Үкіметтің кеңесін өткізіп, халықты жаппай вакциналауды жеделдетуді тапсырдым. Бұл міндет, біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізуге, екіншіден, халыққа вакцина салудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты. Қазір жұрттың көпшілігі вакциналау шарасының маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін», - деді Қазақстан Президенті кездесу барысында.


Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдаған еді.

Сонымен қатар, 6 сәуір күні ҚР Президенті Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.




Соңғы жаңалықтар