Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар