Мемлекет басшысы: Қазақстандағы корейлерге қолдау көрсете береміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 100 мыңнан астам корей ұлты тұрып жатыр. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

«Біздің мәдени-гуманитарлық байланыстарымыздың рет-ретімен ілгерілей түсуіне Қазақстанда тұрып жатқан корей ұлтының азаматтары маңызды үлес қосады. Өзіңіз де білетіндей, корейлер Қазақстандағы он ең ірі этностың қатарына кіреді. 100 мыңнан астам корей тұрып жатыр», - деп атап өтті ҚР Президенті

Осы ретте Қазақстан Президенті ел аумағында тұрғып жатқан корей этностарын дамытуға мұнан ары да жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін баса айтты.

«Біз өз тарапымыздан, Үкімет тарапынан бауырлас корейлердің ұлттық өзіндік ерекшеліктерін қолдайтын боламыз», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар