Мемлекет басшысы Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуін тамашалауға барды

None
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі басталды. Аталған ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ ойынды тамашалуға Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Тапалов, Быстров, Марочкин, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Бейсебеков, Тағыберген, Оразов, Самородовты қосты.

Ал Солтүстік Ирландия құрамасы сапында Пикок-Фаррелл, Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн, Сэвилл, Чарльз, Макменамин, Кеннеди, Вашингтон жасыл алаңға шықты.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Қазірге дейін бес ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан және турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Ал небәрі үш ұпай жинаған Солтүстік Ирландия бесінші орында келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.


Соңғы жаңалықтар