Мемлекет басшысы: Қазақстан соғыс кезінде армияны жарақтандыруда негізгі рөлге ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мир» арнасына сұхбатында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да Қазақстанға соғыстың алғашқы айларында Ресей, Украина, Беларусь аймақтарында оккупацияланған ірі өндірістік кәсіпорындардың бәрі көшірілді. Түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тігін өнеркәсібі болатын олар. Қазақстанға осылайша 220 зауыт пен фабрика эвакуацияланды. Неліктен осы рөл Қазақстанға жүктелді? Менің ойымша, бірнеше фактор шешуші рөлге ие болған секілді. Ең алдымен, республиканың өнеркәсіптік-индустриялық әлеуеті мықты еді. Табиғи байлық Қазақстанға соғысқа дейін-ақ қуатты отын-энергетикалық шикізат базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Темір жол желісі де жолға қойылғанын ұмытпау керек. «Түрксібтің» өзін еске ала беріңіз. Қазақстанның географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарды. Олар әскери қимылдан алыс жатқан болатын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы осы ретте Қазақстан армияны жарақтандыруда негізгі рөлге ие болғанын мәлім етті.

«Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан жерінде шығарылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Басқаша айтқанда, жеңіске жету жолында біздің қосқан үлесіміз айқын еді. Қазақстанда театр қайраткерлерінің көбі шығармашылықпен айналыса алды. Кинематографистер мен музыканттар, ақындар мен жазушылар көп болды. Дәл осы елде кітаптар жазылып, фильмдер түсірілді, Совет одағының танымал мәдениет қайраткерлері театр қойылымдарын қойды. Оның ішінде Сергей Эйзенштейн, Алексей Толстой, Константин Симонов, Сергей Прокофьев, Галина Уланова мен тағы басқа адамдар бар еді. «Александр Невский» атты әйгілі фильм де Алматыда түсірілді», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар