+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы: Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі

2020 жылғы 16 ақпан 00:28
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы: Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін қолдады Сары уайымға салынуға болмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы коронавирусты жылдам анықтайтын тест-жүйемен танысты

Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас жетекшілік еткен пікірталасқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғани қатысты.

Пікірталаста Қ.Тоқаев географиялық орналасудың маңызы туралы сөз қозғады.

«Қазақстан жер көлемі бойынша 9-орындағы мемлекет. Бұл, әлбетте, бізге көптеген мүмкіндік пен жол ашады. Ресей, Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар. Ортақ шекара тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі. Орталық Азия да күннен күнге дамып жатыр. Менің ойымша, бұл ілгерілеу әлі жалғасын табады», - деді Мемлекет басшысы.

Ричард Хаастың энергия көздері туралы сауалына ҚР Президенті: «Мемлекетіміз түрлі энергия көздеріне ие. Бұл да бір артықшылық. Экономиканың дамуы үшін жаңа жобалар мен бағдарламалардың қажет екенін түсінеміз», - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетcек, ҚР Президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзі тікелей эфирден көрсетілді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT