+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

2021 жылғы 16 маусым 18:50
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады Серікбай Трұмов: Туризм нысандарының салынуы облыс экономикасына зор серпін береді Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар 12 бағытта іске асуда

Президентке денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, инновация және ғылым, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ұлттық жобалардың әзірлену барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететін нақты көрсеткіштері бар өзгерістердің тиімді құралына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында келесі айда өткізуге жоспарланып отырған Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының күн тәртібі қарастырылды.

Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі, сондай-ақ, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту, портфельді және тікелей инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT