Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовке шетелден инвестиция тартуды тапсырды

2022 жылғы 25 маусым 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты.

Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары