Мемлекет басшысы Каспий итбалығын қорғауға қатысты ұсыныс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей Президенттері қатысқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий итбалығы популяциясының төмендеуі мәселесі өзекті болып тұр. Ол екі елдің де Қызыл кітабына енген. Осы бірегей жануарды сақтауға, олар мекендейтін әрі көбейетін территориясын қорғауға қатысты кідіріссіз іс-шаралар керек. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев ел аумағында орман алқабын арттыру жұмыстарын айтты.


Соңғы жаңалықтар