USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ұзартылады

2021 жылғы 7 желтоқсан 12:06
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ұзартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтау кезінде мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар
Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді ҚР Президенті Олимпиада және Паралимпиада құрамаларының мүшелерімен кездесті Бізге жаңа салық саясаты қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Менің тапсырмам бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мерзімі кемінде 1 трлн теңге мөлшеріндегі қормен 2022 жылдың соңына дейін ұзартылады. Екіншіден, мемлекет отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін осы заманауи инфрақұрылымды дәйекті түрде дамытып келеді. «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы табысты жұмыс істеуде. Осы жұмыс шеңберінде тағы төрт трансшекаралық хаб салу жоспарлануда. Оның екеуін Ресеймен шекарада және Өзбекстан мен Қырғызстан шекараларында бір-бір хаб бой көтереді. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға, соның нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Президент.

Аталмыш шарада Мемлекет басшысы «Парыз» байқауына қатысушылар биыл әлеуметтік жобаларға 20 млрд теңге жұмсағанын атап өтті.

«Отандық кәсіпкерлер мен Қазақстандағы халықаралық компаниялар әлеуметтік жауапкершілік қағидасын әрдайым берік ұстанып келеді. Олар індет кезінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне зор қолдау көрсетті. Жалпы биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар әлеуметтік жобаларға және қайырымдылық шараларына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсады. Сонымен бірге 7 000 жаңа жұмыс орнын ашты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT