Мемлекет басшысы Қарағандыда жаңа мешітте болды

None
None
РАҒАНДЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынған Қарағандыдағы жаңа мешітте болды.

Қарағандының оңтүстік-шығыс жағында салынған жаңа мешіт 4000 адамға арналған. Қаладағы бұрынғы бас мешіт діндар жамағатқа тарлық еткеннен кейін жаңа құлшылық үйін салу қажеттігі туындады. Оның құрылысына 1,7 млрд. теңге жұмсалды. Жобаның құрылысына облыс кәсіпорындары мен ұйымдары демеушілік көрсетті.

Мешіт үш қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатында неке қию залы, қосымша бөлмелерімен асхана, әйелдер мен ерлер жуынатын бөлмелер, киім ілгіш, техникалық бөлмелер бар. Екінші қабатта 3200 адамға арналған ерлердің мінажат ету залы, сонда-ақ имамның, оның көмекшісінің және азаншының бөлмелері бар. Жоғарғы қабатта 800 адамға арналған әйелдердің мінәжат ететін залы орналасқан.

Мешіт дәстүрлі қазақ әшекейлері және классикалық сән элементтері қолданылып жасалған. Ғимараттың сәулетін биіктігі 49 метрлік төрт мұнарасы, биіктігі 12 метрлік бас күмбесі және 8 шағын күмбездер толықтырады.

Оның ішін әрлеуге 70 қазақстандық шебер қатысты. Барлық көркем керамика мен қашалған гипстық жұмыстарды жергілікті шеберлер атқарып шықты. Оның үлгісіне Арабияның таңдаулы таңдаулы мешіттері алынды, сондай-ақ Куала-Лумпур қаласындағы (Малайзия) мешіттің безендірілуі зерделенді.

Сонымен қатар мешіт құрылысында энергия сақтайтын технологиялар пайдаланылған.

Соңғы жаңалықтар